16.10.2007, 18:55 2940

Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіз бөлімшелерімен ғана шектеуді ұсынады - Назарбаев

Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіз бөлімшелерімен ғана шектеуді ұсынады.

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіздегі бөлімшелермен ғана шектеуді ұсынады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тегеранда өткен Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының екінші саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Қазір біз Каспий теңізіндегі әскери-теңіз шараларын шекаралық мекемелердің теңіздегі бөлімшелеріне жүктелетін мақсаттар мен функциялармен ғана шектеуді ұсынамыз", - деді Қазақстан президенті.

Президенттің пайымдауынша, "осы тұрғыдан алғанда Каспий теңізін қару-жарақ пен әскерилерден тазарту ең тартымды үлгі болмақ". "Бұл ұсыныспен бәрі де келіседі деп санаймын, сол себепті Каспий теңізіндегі қару-жарақты қадағалауға алу жөніндегі бес жақты тетік құру жөніндегі қазіргі бар идеяға назар аударғым келеді. Ол қауіпсіздікті сақтаудың бір кепілдігі болумен бірге түрлі шиеленістердің алдын алудың сенімді құралы бола алады", - деді Н. Назарбаев.

"Қазіргі ахуалды ескере отырып, сондай-ақ, энергия тұтынушы ірі елдердің стратегиялық мүдделері тоғысып жатқан осы өңірдегі геосаяси ахуалды ескере отырып, біздің елдеріміздің Каспий теңізіндегі ынтымақтастығы өзара тепе-тең, конструктивті әрі жауапты көзқарастардың үлгісіне айналғаны абзал", - деді ол.

"Қазақстан Каспий теңізі өңірінде меймандос қарым-қатынас орнатуға бағытталған өз саясатына адал. Бұған теңіздегі сенімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың іргетасы- тұғырын бекіту жөніндегі саммиттің қорытынды декларациясының жобасына қосқан біздің бастама да дәлел", -деді Қазақстан мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны