06.04.2007, 11:25 1533

Қазақстан Қазан зауытынан алынатын тікұшақтар санын көбейтпекші

АЛМАТЫ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан таяу уақыттарда Қазан тікұшақ жасау зауытымен Ми-17 және "Ансат" тікұшақтарын қосымша сату жөнінде келісім-шартына қол қоймақшы. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметов Татарстан астанасында сапармен болған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан қазірдің өзінде Қазан тікұшақ жасау зауытының ірі тұтынушысы болып табылады. Біз қол қойылған келісім-шартқа сәйкес тек биыл 12 тікұшақ сатып аламыз, келесі жылы бұл сан арта түседі",- деді Д.Ахметов. "Таяу уақыттарда біз орта мерзімдік келісім-шартына қол қойылады деп сенеміз. Соған сәйкес Ми-17 және "Ансат" тобына жататын 10 шақты тікұшақ сатып алынбақ",- деді ол.

Қазақстан қорғаныс министрі бір күндік сапары барысында әскери мақсаттағы өнімдер өндіретін кәсіпорындарда болды. "Менің көздеген мақсатым - осы болатын",- деді ол.

"Қазақстан әскери кемелерін жаңалаудан да мүдделі. Сол себепті біз бүгін Зеленодольск қаласындағы зауытта аралап көрдік. Зауыт мамандары Қазақстандағы осы тектес зауытта болады, сол себепті олар бірлесе ұсыныс енгізеді деп сенемін",- деді Д.Ахметов.

Горький атындағы Зеленодольск кеме жасау зауытының Қазақстанмен ынтымақтастық тәжірибесі бар. 2006-жылы зауыт республикаға су ығыстыру қабілеті 12 мың тоннаға тең, өзіндігінен жүрмейтін алты теңіз баржа-алаңдарын сатқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны