01.12.2009, 14:47 2710

Қазақстан Кедендік одақтың құқықтық базасын құруға қатысты бірқатар құжаттарды ратификациялады

Қазақстан Кедендік одақтың құқықтық базасын құруға қатысты бірқатар құжаттарды ратификациялады

Астана. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Кедендік одақтың құқықтық базасын құруға қатысты бірқатар құжаттарды ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы "Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "Кедендік одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған қоса мемлекет басшысы "Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны