12.09.2012, 13:04 2900

Қазақстан ҚХР-дың 2014 жылдан бастап АӨІСШК-ға төрағалықты қабылдау ниетін қолдайды

"АӨІСШК-ге Қытайдың төрағалық етуі Ұйымды одан әрі нығайтатынына сенімдімін", деп мәлім етті бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 20 жылдығына арналған Кеңестің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан ҚХР-дың 2014 жылдан бастап АӨІСШК-ға төрағалықты қабылдау ниетін қолдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АӨІСШК-ге Қытайдың төрағалық етуі Ұйымды одан әрі нығайтатынына сенімдімін", деп мәлім етті бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 20 жылдығына арналған Кеңестің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазақстан Қытай Халық Республикасының 2014-2016 жылдары аралығында АӨІСШК-ға төрағалық ету ниетін қолдайды. Қытай Азиядағы сенімді қалыптастыру, ынтымақтастықты дамытудың күрделі үдерісі бойынша бірегей саяси-тарихи, мәдени тәжірибеге ие. Қытай Халық Республикасының төрағалығы АӨІСШК-ны одан әрі нығайтуға және дамытуға зор септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны