10.09.2007, 18:15 2839

Қазақстан қылмыскерлердің республикалық генетикалық мәліметтері базасын құруды жоспарлауда - ҚР ІІМ

Қазақстан қылмыскерлердің республикалық генетикалық мәліметтері базасын құруды жоспарлауда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10-қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанда қылмыскерлердің республикалық генетикалық мәліметтерінің базасын құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Біз болашақта ашылмаған қылмыс орнынан алынған іздердің генетикалық паспорттарының республикалық есепке алуын жоспарлаудамыз",- деді С. Исабаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астана мен Алматының ішкі істер департаменттерінде екі ДНК-зертханалары сатып алынып, жұмыс істеуде. Олар оперативтік тұрғыда қызығушылық тудыратын 268 тұлғаны есепке алып, ауыр қылмыс түрі бойынша 16 ДНК - зерттеуі оң нәтижесін беріп отыр.

Департаменттің бастығы, сондай-ақ "орталықтандырылған автоматтандырылған фоноскопиялық есепке алуды құру жөніндегі пилоттық жобаны" дайында жүзеге асырылып жатқандағын да хабардар етті. "Пилоттық жоба аясында фоноесепке алу жүйесін техникалық тұрғыдан жүзеге асыру, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету және оның нормативтік-құқықтық регламентациясы әзірленеді", - деді ол. Оның айтуынша, бүгінде "1821 тұлғаның дауысы сандық жүйеге көшіріліп, электрондық түрде сақталған. Есепке барлық ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері, потенциалдық лаңкестер және тағы басқалар алынады".

С.Исаев, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде аталмыш есепке алу түрін бірінші болып енгізіп отырғандығын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны