05.12.2007, 18:44 3189

Қазақстан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір - үкімет басшысы

Қазақстан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір - үкімет басшысы

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір. Бұл туралы ҚР премьер-министрі К.Мәсімов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ж.Сааданбековпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі үкіметттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективаларын талқылады.

Премьер-министр Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің мерзімі аяқталуына байланысты Ж. Сааданбековке Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Ж. Сааданбеков екіжақты қарым-қатынастарды дамыту ісіндегі көмегі және ынтымақтастығы үшін республика үкіметіне алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны