30.01.2017, 21:33 4099

Қазақстан - Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы дизельді жанармайды өткізбек болғандар ұсталды

Шекаралық бақылау кезінде, Қазақстаннан қырғыз жеріне қарай кетіп бара жатқан азаматтыӊ "Тойота" автокөлігініӊ ішінен канистрлерге құйылған жанармай табылды.

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан - Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы дизельді жанармайды өткізбек болғандар ұсталды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды 29 жастағы Қырғызстан азаматын ұстауға мәжбүр болды.

Шекаралық бақылау кезінде, Қазақстаннан қырғыз жеріне қарай кетіп бара жатқан азаматтыӊ "Тойота" автокөлігініӊ ішінен канистрлерге құйылған жанармай табылды. Өлшеп жібергенде салмағы 1050 литр болып шықты. Қырғыз бауырымыз жанармайға қатысты ешқандай ілестірме құжаттарын көрсете алмады.

Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес құқыққорғау органдарыныӊ қызметкерлері хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны