16.06.2009, 17:55 2833

Қазақстан Қырғызстанға ұзақ уақыт бойы астық пен мазут жеткізіп тұру жөнінде келісті

Қазақстан Қырғызстанға ұзақ уақыт бойы астық пен мазут жеткізіп тұру жөнінде келісті

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қырғызстанға ұзақ уақыт бойы астық пен мазут жеткізіп тұру жөнінде келісті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысынан кейінгі брифингте Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз бүгін бірқатар принциптік мәселелерді талқылап, келісімге келдік. Біз қазақ астығы мен мазутын бауырлас қырғыз еліне ұзақ уақыт бойы жеткізіп тұру жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік", деді өз сөзінде К. Мәсімов. Осы орайда үкімет басшысы бұл келісім екі мемлекет арасындағы келешектегі бірлескен жұмыстың көкжиегін кеңейтуді жоспарлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны