14.06.2010, 16:08 5366

Қазақстан Қырғызстанның зардап шеккен азаматтарына көмек көрсетуге әзір - ТЖМ

"Біз Қырғызстандағы ахуалға ТЖМ тарапынан әрекет етудің барлық мүмкіндіктерін қарастырудамыз",- деді В. Божко.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Қырғызстанның зардап шеккен азаматтарына көмек көрсетуге әзір. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Біз Қырғызстандағы ахуалға ТЖМ тарапынан әрекет етудің барлық мүмкіндіктерін қарастырудамыз",- деді В. Божко.

Ол, ТЖМ Қырғызстан азаматтарына гуманитарлық көмек көрсетуді және де Қырғызстан азаматтарын өз аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге дайындалу үстінде екендігін атап өтті.

ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтің хабарлауынша, Қазақстанның полициясы қызметі Қырғызстан аумағындағы ахуалға байланысты күшейтілген тәртіпке көшкен.

ҰҚК шекара қызметкерлерінің телефон арқылы хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы жабылған жоқ және де әзірге жабу жоспарда жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Ош және Жалал-Абад облыстарында маусымның 10-нан 11-не қараған түні төтенше жағдай енгізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша көрші елде көз жұмғандардың саны 117 адамға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны