25.12.2009, 13:18 3107

Қазақстан Қытайдың қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қарасты ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатудан мүдделі - Жақсыбеков

Қазақстан Қытайдың қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қарасты ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатудан мүдделі - Жақсыбеков

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Қытайдың қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қарасты ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатудан мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Қытайдың "Cpmiec" жетекші импорттық-экспорттық нақты машина жасау зауытының Аэроғарыштық технологиялар академиясында болған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Пекинде Иділбек Жақсыбеков Қытайдың "Cpmiec" жетекші импорттық-экспорттық нақты машина жасау зауытының Аэроғарыштық технологиялар академиясында болып, жетекшілерімен кездесті. Бұл жерде қазақстандық әскери делегация зенитті-зымыранды қару, ұшқышсыз ұшатын аппараттар және басқа да қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен танысты.

Компания басшыларымен кездесу барысында Қазақстанның Қорғаныс министрі ҚХР қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қарасты ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатып, екіжақты тиімді келісімдер негізінде басты бағыттарды айқындауға мүдделі екенінен хабардар етті.

Сонымен қатар Иділбек Жақсыбеков төл әскеріміздің әскери-техникалық қуатын нығайту мәселесінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің тиімді қатысуына да үлкен сенім артатынын жеткізді.

"Біздің ойымызша ол бәсекеге қабілетті, үздік өндірістік технологияларға ие, кеңінен таратылған жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталықтары мен толық циклы бар болуы шарт,- деді министр. - Бізге заманауи технологиясы дамыған қару-жарақ пен әскери техникан үлгісін бірлескен кәсіпорындарда жинақтауға әзір белгілі шет елдік өндірушілерді тарту өте маңызды".

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Қытай тарапын Қазақстанның Елордасында 2010 жылғы мамырдың аяғы маусымның басына өткізілуі жоспарланған әскери мүлік пен қару-жарақтың халықаралық көрмесіне шақырды.

Қазақстанның әскери делегациясы Пекин және Шанхай гарнизондарының бірқатар әскери бөлімдерінде болды.

Сонымен қатар, Иуе шабуылынан қорғаныс басқару орталығында болып қызмет ету жағдайларымен, қару-жарақ және әскери техникамен танысты.

1941 жылғы сәуірде құрылып соғыс жылдары 2000-нан астам ұрыстарға қатысқан Пекин гарнизонының 3 дивизиясының оқу-жаттығу орталығында келісім-шарт қызметінің әскери қызметшілері автомат және минометтен атыс түрлерін көрсетті. Олар нысаналарды дөп көздеп кәсібилігімен танылса, келесі жасақтар шартты террористермен ұрыс операциясының элементтерін, жекпе-жек ұрыстың үлгілерін көрсетті.

Шанхайда қазақстандық делегация контр-адмирал Сюй Вэйбин басшылық ететін Искери-теңіз базасында болды. База қолбасшысының сөзіне қарағанда бұл жерде қайтарымды қызмет етуге барлық жағдай жасалған. Қорғаныс министрін теңіз кемелерімен таныстырып, теңізшілердің қызмет ету үрдісін көрсетті.

Қазақстан және Қытай қорғаныс ведомстволары басшылары шекаралас округтер өзара тығыз байланыста болуы қажет екенін бірінші кезекте тәжірибе алмасу тұрғысында бірнеше рет қайтара айтты.

Искери-теңіз базасының қолбасшысы контр-адмирал Сюй Вэйбин мен кеме командирі II рангалы капитан Лю Мянь қазақстандық Искери-теңіз күштерінің қалыптасуы жолында барынша көмек көрсететіндеріне сендірді.

Ресми сапардың соңында Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков қазақстандық әскери делегацияға жоғары деңгейде көңіл бөлгені үшін қытай тарапына алғысын жеткізді. Бұл сапар екі ел арасындағы әскери қарым-қатынастың деңгейін тағы бір сатыға көтергенін тілге тиек етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны