22.05.2014, 20:54 3406

Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасын нығайтуға мүдделі - К.Мәсімов

Қазақстан ЕАЭО құрамында бола отырып, Қытаймен арадағы байланысты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов VII АЭФ "Көшбасшылар Диалогы" панельді сессиясында мәлімдеді.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан ЕАЭО құрамында бола отырып, Қытаймен арадағы байланысты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов VII АЭФ "Көшбасшылар Диалогы" панельді сессиясында мәлімдеді.

"Біз әлемнің даму кезеңіне куә болып отырмыз. Илемнің даму үдерісіне екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі батыстық көзқарас болса, екіншісі әлемнің даму қарқынын циклді қарастыратын шығыстық көзқарас. Қытайлық көзқарасқа назар аударатын болсақ, 2014 жылы біз өзге циклде өмір сүріп отырмыз. Келесі отыз жылдық айналымға кірдік. Бұл артта қалған 30 жылдан өзгеше", - дейді ол.

Сонымен қатар, ҚР Үкімет басшысы Қазақстан секілді елдерде әлемдік өзгеріс үдерісін ескеріп отыру қажеттілігін айтты.

"Қазіргі таңда кейбір Үкіметтер компанияларының қайда жұмыс істеп, қайда жұмыс істемеу қажеттілігін айтып отырады. Яғни, геосаясаттың маңызы жаһандық экономикадан да артып келеді", - дейді Үкімет басшысы.

К.Мәсімовтың айтуынша, бір аптадан кейін Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойылмақ.

"Қазақстан өз тәуелсіздігін сақтап қала бермек. Биыл біз ДСҰ-на енуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта осы одақпен ынтымақтастық келісімін құрамыз. Және де Қазақстан ЕАЭО құрамында бола отырып Қытаймен арадағы байланысты да нығайтуға мүдделі", - деді К.Мәсімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны