19.12.2012, 17:29 2836

Қазақстан көлік министрлігі ұялы операторлардың қызмет көрсету сапасын тексереді

Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрлігі желтоқсан айында ұялы операторлардың қызмет көрсету сапасын тексереді, деп хабарлады ведомство жетекшісі Асқар Жұмағалиев.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан көлік министрлігі ұялы операторлардың қызмет көрсету сапасын тексереді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрлігі желтоқсан айында ұялы операторлардың қызмет көрсету сапасын тексереді, деп хабарлады ведомство жетекшісі Асқар Жұмағалиев.

"Объективті қиындықтардың бар екендігіне қарамастан ұялы операторлар көрсетілген қызмет сапасын арттыруға тиіс. Біз сәйкесті құралдарды пайдалана отырып, желтоқсан айында ұялы операторлардың қызмет көрсету сапасын тексеретін боламыз", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.

Министр атап өткендей, Қазақстан президенті ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету сапасын сынаған соң, ұялы операторлардың қатысуымен жиналыс өтті.

"Ұялы операторлар бүгін Астананың кей жерлерінде базалық станция орнату мүмкін еместігіне алаңдаушылық білдірді, құжаттарға орай оларды мемлекеттік органдарға тым жақын жерлерге орнатуға болмайды", деді министр.

Оның айтуынша, сонымен қатар сигналды басу мәселесі де орын алып отыр.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, министрлікте президент тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар жоспары жасалған.

"EXPO-2017 өткізу үшін ұялы байланыстың сапасын барынша жақсарту мақсатымыз болып отыр", деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны