22.01.2014, 19:38 6228

Қазақстан Қорғаныс министрі Израиль Президентімен кездесті

Иерусалимде Израильге ресми сапар шеңберінде Иділбек Жақсыбековті Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Перес қабылдады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Иерусалимде Израильге ресми сапар шеңберінде Иділбек Жақсыбековті Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Перес қабылдады.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Шимон Переске және Израиль халқына экс-премьер Ариэль Шаронның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Иділбек Жақсыбеков:

- Біздің мемлекеттеріміз Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында Тель-Авивте алғашқы болып өз елшілігін ашқан мемлекет екенін атап өткім келеді. Бұл Қазақстанның қазіргі уақытта жоғары саяси деңгейге көтерілген екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бойынша нық және ұзақмерзімді ниетін көрсетеді деді және Қазақстанның бастамасына қолдау көрсеткені, сондай-ақ Израильдің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді.

Израиль Президенті көптеген жылдардан бері Қазақстан-Израиль қарым-қатынасының жемісті дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясаттағы даналығының арқасында Орталық Азиядағы бірден бір қарқынды дамушы ел болып табылатынын атап өтті.

Шимон Перес Израильдің жоғары технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа әзір екенін жеткізді. Искери өзара іс-қимылға қатысты ол Қазақстан полигондарында екі ел қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу туралы ұсынысын айтты.

Өз кезегінде Иділбек Жақсыбеков Қазақстанның әскери өнеркәсіп саласында Израильмен инвестициялық және техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша маңыз беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол:

- "Болашақтың энергиясы" тақырыбында өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу идесын қолдағаны үшін қазақстандықтардың алғысын жеткізім келеді, сондай-ақ израильдік компанияларды осы шараға қатысуға шақырамын, - деді.

Қорғаныс саласындағы қазақ-израиль қатынасын дамытудың оң үдерісі ретінде өткен жылдың соңында Израильдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі жанында әскери атташе аппаратының ашылғаны болып табылады. Бұл Қазақстан-Израиль әскери ынтымақтастық мәселелерін жедел және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Израильде тек қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу және жоғары технологиялық өндірістік базасының иегері ғана емес, Израиль экономикасы негізгі құраушыларының бірі болып табылатын қару-жарақ пен әскери техниканы шығару жөніндегі дамыған әскери-өнеркәсіптік кешен жұмыс істейді.

Израиль қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері әлемде сұранысқа ие. Қазақстан да солардың қатарында. Бүгінде "Rafael", "IMI" және "Elbit Systems", "ІАІ" және "Ness" сияқты Израиль әскери-өнекркәсіптік кешенінің кәсіпорындарымен байланыс орнатылған.

ҚР Қорғаныс министрі:

- Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуын айқындаушы үдеріс - оны кәсібилендіру болып табылады. Қазіргі кезеңде соғыстардың түрлері мен оларды жүргізу әдістері өзгерді, ал онда қолданылатын қару-жарақ пен әскери техника біліктілігі жоғары мамандарды - әскери кәсіпқойларды қажет етеді. Бұл ретте біз Израиль қарулы күштерінің жауынгерлік даярлық тәжірибесін зерделеуге айрықша мән береміз.

Бүгінгі біздің Израиль мемлекетінің Қорғаныс министрі Моше Яалонмен кездесуіміз және Искери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюымыз осы саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қызмет етеді, - деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны