20.01.2014, 18:44 4775

Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр

Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Иділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan today Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Иділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Иерусалимде Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Переспен кездесуі жоспарланған.

Сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Израильдің бірқатар жетекші қорғаныс кәсіпорындарында болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны