19.09.2016, 15:59 4143

Қазақстан мәдениеті саласында еӊ алдымен менеджментті жаӊғырту көзделіп отыр

"Біріншіден, мәдениет саласында алғашқы жаӊару менеджментті жаӊғырту болып есептеледі. Мәдениет және экономика саласыныӊ бизнес-бастамалар үшін тартымдымдылығын арттыру үшін дамыту жұмысы белсенді бола түседі, деді ол.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015-2020 жылдарға арналған кино және тележобаларды түсіру бойынша "Мәӊгілік ел" кешенді жоспары мақұлданды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР МСМ мәдениет және өнер департаментініӊ директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оныӊ айтуынша, Мемлекет басшысыныӊ "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ілгерілету мақсаты бойынша өзгерістер жаӊа міндеттерді қамтиды, олар Ұлт жоспары- "100 нақты қадам" 86-шы қадамы аясында енгізілді.

"Біріншіден, мәдениет саласында алғашқы жаӊару менеджментті жаӊғырту болып есептеледі. Мәдениет және экономика саласыныӊ бизнес-бастамалар үшін тартымдымдылығын арттыру үшін дамыту жұмысы белсенді бола түседі. Екіншіден, музей мен театр саласын жетілдіру қажет. Бәсекелестікті арттыру және инновациялық дамуды арттыру мақсатында ел музейлеріне мультимедиялық шараларды енгізу қарастырылып отыр", - деді ҚР МСМ мәдениет және өнер департаментініӊ директоры Ақтоты Райымқұлова.

Музейлерді жастар мен жасөспірімдер арасында мәдениеттіӊ демалу саласы ретінде насихаттау үшін жыл сайын "Музей түні" акциясын өткізу қажет", деді департамент директоры.

Оныӊ айтуынша, әлемдік ғылыми қауымдастықты халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы үшін мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылды. Орталық қазақстандық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды әлемге насихаттау үшін құрылады.

Сондай-ақ, Венециялық биенналеде қазақстандық ресми павильон ұйымдастырылады. Оныӊ мақсаты қазақстандық өнер интеграциясын әлемдік мәдени кеӊістікте насихаттау болып табылады.

Аталмыш шара ҚР мәдени саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

А.Райымқұлованыӊ айтуынша, 2015-2020 жылдарға арналған кино және тележобаларды түсіру бойынша "Мәӊгілік ел" кешенді жоспары мақұлданды, оныӊ аясында "Қазақфильм" АҚ жұмысын жаӊғырту бойынша тұжырымдама әзірленді.

Қазақстанда кино саласын дамытудыӊ 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасы даярланды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Кинематографистері одағыныӊ теӊтөрағасы Ахат Ыбраев мәлім етті.

"Бұл соӊғы бірнеше жылда кино саласында әзірленген еӊ маӊызды құжаттардыӊ бірі", - деп атап өтті А. Ыбраев.

Оныӊ айтуынша, даярланған тұжырымдамаға нормативтік-құқықтық актілердіӊ тізбесі еніп отыр. Осы ретте бұл заӊнамалық құжаттар бюджетке жүктемені жеӊілдетуге мүмкіндік береді.

"Тұжырымдамадағы еӊ басты бағытқа тоқталсақ, біз жергілікті өндірушілерге де салықтық жеӊілдіктерді қарастырып отырмыз", - деді ол.

Бұдан бөлек, ол кино саласындағыларды прокат және дистрибуция жүйесіндегі ашықтық көбінесе алаӊдататынын жеткізді.

"Тұжырымдама аясында бірыӊғай электронды жүйені енгізу ескеріліп отыр, бұл өз кезегінде билеттер сатылымын онлайн-режімде байқап отыруға көмектеседі. Осы бағыттағы шаралар біздіӊ саланыӊ инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді деп білемін", - деді ол.

Сонымен қатар А. Ыбраев халықаралық ынтымақтастықты дамыту тұрғысында бірнеше қадам бар екенін сөз етті.

"Бұл бағыттағы мәселені шешудегі нұсқалардыӊ біріне тоқталсақ, "Қазақфильм" киностудиясы аумағында АЭА мәртебесін енгізу ескерілуде, сондай-ақ шетелдік өндірушілер үшін салықтық жеӊілдіктер қарастырылмақ", - деп түйіндеді сөзін ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны