22.02.2007, 16:48 3191

Қазақстан Малайзия үкіметімен арадағы қосалқы салық салудан бас тарту туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР үкіметі мен Малайзия үкіметі арасындағы қосарланған салықты болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу жөніндегі келісім мен оған қосымша хаттаманы бекіту жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісімнің мақсаты заңды және жеке тұлғаларға -екі мемлекеттің резиденттеріне қосалқы салық салмау. Келісімде дивиденттерге салық салу тәртібі қарастарылыған, кез келген борыштық талап түрінің табыс тәртібі , роялти, сонымен қатар мағлұмат пен құжаттарды беру ережесі, тәжірибе алмасу, алынған мағлұматтар мен құжаттарды пайдалану және зерттеу жүргізу тәртібі айқындалған.

Келісімге сәйкес, екі елдің құзырлы органдары арасында ақпарат алмасу қарастырылған. Бұл ақпарат кез келген салық түрінде қолданылады және ашық болып табылады.

Келісім мерзімсіз. Құжат күшіне енген күннен кейін бес жыл өткен соң, тараптар келісімнің күшін жойғаны туралы ескерту жіберуге құқылы.

Келісімге Куала -Лумпур қаласында 2006 - жылы 26 маусымда қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны