26.06.2006, 09:02 3283

Қазақстан мемлекет басшысы ресми сапармен Малайзияға барды

АСТАНА.26-маусым. Kazakhstan Today. Кеше Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Малайзияға барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Сапар барысында Елбасы Малайзияның жоғарғы билеушісі Ян ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саидпен және осы елдің үкімет басшысы Абдулла Ахмат Бадавимен кездеседі деп күтілуде. Кездесулердің, соның ішінде кеңейтілген құрамдағы кездесулердің қорытындысы бойынша қосарланған салықты болдырмау және кіріс салығынан жалтаруға жол бермеу туралы келісімдерге қол қою межеленген.

Сапар барысында Елбасы «Путроджая» корпорациясының жұмысымен танысып, «Mykad» электронды ажырату карточкасының тұсаукесеріне қатысады.
ҚР СІМ-нің анықтамасына сәйкес, Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2005-жыл қорытындысы бойынша 60 млн. доллардан асты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны