17.06.2014, 20:10 2862

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтарын тереңдетуге ниетті

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі - АҚШ Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің Ресей және Орталық Азия жөніндегі аға директоры Селестэ Уолландермен кездесу өткізді.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі - АҚШ Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің Ресей және Орталық Азия жөніндегі аға директоры Селестэ Уолландермен кездесу өткізді.

Тараптар өңірдегі елдердің қауіпсіздігі мен жалпы таратпаудың жаһандық жүйесін барынша нығайтатын, ү.ж. 6 мамырда Нью-Йоркте қол қойылған "ядролық бестік" елдерінің Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аумаққа мүше елдерге кері кепілі туралы Хаттаманың тезірек күшіне ену маңызын атап өтті, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Сұхбаттасушылар, сондай-ақ, Стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия мен Энергетика саласындағы әріптестік жөніндегі бірлескен комиссия сияқты қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың даму құрылымдарының табысты жұмыстарын атап өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды элементі болып табылады. Б.Обаманың көмекшісі Бурабайдағы ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші толық отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев жариялаған инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар пакеті туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.

С.Уолландер Б.Обама Икімшілігі АҚШ-тың іскер топтарын инвестициялық тұрғыдан да, ЭКСПО-2017 сияқты жобаларға қатысу үшін де Қазақстанмен ынтымақтастыққа тарту бойынша олармен тығыз жұмыс жасайтынын растады.

Тараптар қазақстандық-америкалық әріптестіктің барлық бағыттарын нығайту және кеңейту жұмыстарын одан әрі жалғастыра беруге келісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны