17.04.2008, 16:51 3235

Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді

Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвеймен және АҚШ-тың Сауда палатасының Қазақстандағы өкілдігінің президенті Кеннет Макпен кездесуі барысында осындай пікір айтылды,- деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖИ) арқылы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды.

К. Мәсімов "МЖИ қазақстан-американ бастамасы ұзақ мерзімдік первпективада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға көмектеседі" деп атап өтті.

Тараптар екі елдің үкіметтері мен бизнес-қоғамдастығы жүзеге асыратын аталған бағдарламаны қолға алуға мүделілік танытып отырғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны