08.06.2009, 16:11 2861

Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы футбол сайысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары тіркелген жоқ - ІІД

Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы футбол сайысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары тіркелген жоқ - ІІД

Алматы. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы футбол сайысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары тіркелген жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы футбол матчын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға шамамен 2 500 полицей тартылды. Полиция мен басқа да қызметтің қоғамдық тәртіпті стадионда және оған жақын аумақтарда үйлестіруді Алматы қалалық ІІД-нің басшысы Ерлан Тұрғынбаев өзі қолға алды.

"Футбол матчы кезіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау арнайы пысықталған жоспар бойынша жүзеге асырылды. Соның ішінде стадионға мас күйіндегі адамдар жіберілмеді. Сонымен қатар, спиртті ішімдіктер мен тыйым салынған құралдарды алып өту фактілерінің жолы кесілді. Алматыда халықаралық деңгейдегі іс-шара бірінші рет өтуде. Сондықтан Оңтүстік астана қонақтарына бұл кездесу ерекше әсер қалдыру үшін бар күшімізді салдық" - деп атап өтті Алматы қалалық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғұмбаев.

Ағылшын полицейлері Қазақстандық әріптестерінің ауызбіршілікпен атқарған кәсіби жұмыстарын жоғарғы деңгейде бағалады. Алматы тәртіп сақшылары қабылдаған қауіпсіздік шаралары халықаралық стандарттарға сәйкес келіп, өзге елдер үшін үлгі боларлық деген пікір білдірді ағылшын полициясы өкілдері.

"Біздің осындай негіздегі футбол кездесулерін өткізуде үлкен тәжірибеміз бар. Ашығын айтсақ, үнемі ол бірқалыпты өте бермейді. Біз матч өткізбес бұрын Алматыға келіп, Қазақстандық полицияның материалды-техникалық жарақтануы мен жақсы дайындығына көзіміз жетті. Сол себепті біз бұл матчтың тосын оқиғаларсыз аяқталарына сенімді болдық. Ол солай болды да. Сол үшін де біз барлық Англия полициясы мен жанкүйерлері атынан Қазақстандық әріптестерімізге айрықша алғыс айтамыз", - деп өз ойын білдірді полиция бөлімінің жетекшісі Тони Коннифорд.

"Матч аяқталған соң ағылшын жанкүйерлерінің мәдени демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтілді. Осы кезеңде қалада ешқандай да бір бұзақылық қылмыстар тіркелген жоқ",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны