05.09.2016, 14:39 4008

Қазақстан мен Англияныӊ заӊгерлері ынтымақтастық орнатуда

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ сотын және Ағылшын құқығы негізіндегі Халықаралық арбитраждық орталықты құруда Вульф мырзаныӊ қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында сот төрелігін жүзеге асыруда тәжірибелі ағылшын судьялары мен арбитрларын жұмысқа тарту жөнінде тараптар өзара пікір алмасты

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Жақып Асановтыӊ Англия мен Уэльстіӊ экс-Жоғарғы судьясы Вульф Кеннет мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастық, соныӊ ішінде жетекші халықаралық заӊгерлермен өзара әрекеттестік және сот өндірісі мен арбитраждық қызметтіӊ реформалануы аясында серіктес өзара қатынастыӊ даму мәселелерін талқылады.

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ сотын және Ағылшын құқығы негізіндегі Халықаралық арбитраждық орталықты құруда Вульф мырзаныӊ қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында сот төрелігін жүзеге асыруда тәжірибелі ағылшын судьялары мен арбитрларын жұмысқа тарту жөнінде тараптар өзара пікір алмасты.

Тараптар екіжақты қатынастыӊ болашағын жоғары бағалап, құқықтық салада өзара әрекеттестікті нығайтуға ниет білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны