30.05.2014, 21:02 3561

Қазақстан мен Аргентина визасыз қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды

Келіссөздің басты нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Аргентина Республикасы Үкіметі арасындағы визасыз жүріп-тұру туралы Келісімге қол қою болды. Енді бұдан былай біздің мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастық нығая түспек.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. Тараптар экономика, сауда, инвестиция, туризм саласындағы Қазақстан-Аргентина ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады.

"Біздің елдің ортақ сипаттары көп. Бізде адамзаттың бүгінгі таңда бетпе-бет келіп отырған мәселелерін шешу әдістерінде ұқсастықтар бар. Атап айтар болсақ, ол тұрақты даму мен экология, ядролық қауіпсіздік пен көпполярлы әлемді нығайту", - деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар, кездесуде сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, мен бүгінгі таңда толықтай пайдаланылмай отырған инновация саласындағы әріптестікке баса назар аударылды.

Келіссөздің басты нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Аргентина Республикасы Үкіметі арасындағы визасыз жүріп-тұру туралы Келісімге қол қою болды. Енді бұдан былай біздің мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастық нығая түспек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны