10.10.2011, 12:45 4117

Қазақстан мен Беларусь Электр энергиясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті мен Беларусь Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарланды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Беларусь Электр энергиясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті мен Беларусь Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарланды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

"ҚР ТЖ министрі Владимир Божко жетекшілік ететін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-беларусь үкіметаралық комиссияның Минскіде өткен 8-ші отырысы барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек пен Беларусь Республикасы энергетика министрінің орынбасары Римма Филимонова Электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Меморандум мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының қызметін реттейтін заңнаманы үйлестіруді, ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеруде тәжірибе алмасуды, қуатпен қамтамасыз етуші ұйымдар мен тұтынушыларды күз-қыс кезеңінде дайындау нормативтерімен танысуды қарастырады.

"Бұл меморандумға қол қою - екі елдің электр энергетика саласындағы қатынастарын нығайту бағытындағы қадам. ҚР вице-премьері Исет Исекешевтің тапсыруымен біз Беларусьтің қуат үнемдеу жүйесінің тәжірибесін, электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарын мұқият зерттеуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, біз үшін Минскінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының жұмысы да қызықты", - деді А. Тұрлыбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны