22.12.2014, 20:21 3296

Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрлері 2015 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті

Тараптар әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимыл, әскери білім, кадрлар даярлау салаларындағы байланыстардыӊ қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мәскеу. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Беларусь Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Андрей Равков келесі жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітіп, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы ниетті растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарыныӊ басшылары екі жақты ынтымақтастықтыӊ ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Тараптар әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимыл, әскери білім, кадрлар даярлау салаларындағы байланыстардыӊ қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Көптеген жылдардан бері Қазақстан әскери қызметшілерді арнайы мамандандырылған білім алу және офицерлік құрамды оқыту үшін Беларусь Республикасыныӊ әскери жоғары оқу орындарына жіберіп келеді.

"Искери саладағы өзара іс-қимылдыӊ жоғары деӊгейі тараптар мүдделілігін ғана білдіріп қоймай, қолда бар әлеуетті тиімді пайдаланып, ынтымақтастық мәселелеріне конструктивті көзқарас қалыптасқанын растайды" деп санайды ҚР Қорғаныс министрі.

Тараптар осы орайда "бірлескен оқу-жаттығулар өткізудегі, жауынгерлік даярлықты жетілдіруде тәжірибе алмасудағы екі ел қарулы күштерініӊ жедел үйлесімділігін арттырудағы үлкен мүмкіндіктерді" атап өтті.

Кездесу соӊында И. Тасмағамбетов беларусьтік әріптесін кез-келген ыӊғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.

Сұхабаттасушылар сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ҰҚШҰ консультативтік функцияларыныӊ іске асырылуы сияқты ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығыныӊ өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны