25.06.2018, 22:18 5163

Қазақстан мен Бразилия өзара құқықтық көмек көрсету туралы уағдаласты

Қазақстан қылмыстық-құқықтық саладағы: 1992 жылғы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету, 1993 жылғы ұстап беру және 1993 жылғы шетелде қылмыстық жазаны өтеу туралы үш америкааралық конвенцияға 2017 жылдан бастап қосылған алғашқы америкалық емес ел екенін атап өткен жөн.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы арасында қылмыстық істер, сотталған адамдарды ұстап беру және тапсыру туралы өзара құқықтық көмек көрсету шарттарына қол қою рәсімі өтті.

Шарттарға Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Бразилия Федеративтік Республикасыныӊ Иділет министрі Торкуато Жардим қол қойды.

Аталған халықаралық құжаттар қылмыстылыққа қарсы күресте және азаматтардыӊ құқықтарын қорғауда құқық қорғау органдарыныӊ тиімді ынтымақтастығы үшін қажетті құқықтық негізді құруға мүмкіндік береді. Шарттар шеӊберінде басқа мемлекеттіӊ аумағындағы қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттерді жүргізуге, іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауға, сондай-ақ басқа мемлекетте бас бостандығынан айыруға сотталған біздіӊ азаматтарымызды жазасын отанында өткеру үшін ауыстыруға болады.

Бразилия Қазақстанда қылмыстылыққа қарсы күрес саласында тиімді ынтымақтастық ету, заӊдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ екі ел азаматтарыныӊ негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті халықаралық-құқықтық негіз жасалған 20-шы мемлекет және алғашқы америка елі болып табылады.

Қазақстан қылмыстық-құқықтық саладағы: 1992 жылғы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету, 1993 жылғы ұстап беру және 1993 жылғы шетелде қылмыстық жазаны өтеу туралы үш америкааралық конвенцияға 2017 жылдан бастап қосылған алғашқы америкалық емес ел екенін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны