16.07.2014, 22:35 2927

Қазақстан мен Бруней-Даруссалам екіжақты байланысты нығайтуға мүдделі

Бруней-Даруссаламның сыртқы істер және сауда министрі Қазақстанмен барынша тығыз байланыс орнату ниетін жасырмады.Кездесу барысында сонымен қатар халықаралық ұйымдардағы өзара қолдауды қосқандағы халықаралық аренадағы екі елдің байланысының болашағына қатысты пікірлерімен бөлісті.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Малайзиядағы Қазақстан Республикасы Елшісі Данияр Сәрекенов Бруней-Даруссаламның сыртқы істер және сауда министрі (СІСМ), ханзада Мұхамед Болкияхпен және СІСМ Тұрақты хатшысы (министрдің орынбасары) Шейх Фадил Ахмадпен кездесу барысында екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағын талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер жайолы пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Қазақстан Елшісі республикадағы қазіргі саяси және экономикалық жағдай туралы айта келіп, Қазақстанның басты халықаралық бастамалары туралы сөз қозғады.

Бруней-Даруссаламның сыртқы істер және сауда министрі Қазақстанмен барынша тығыз байланыс орнату ниетін жасырмады.

Кездесу барысында сонымен қатар халықаралық ұйымдардағы өзара қолдауды қосқандағы халықаралық аренадағы екі елдің байланысының болашағына қатысты пікірлерімен бөлісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны