Система Orphus

Қазақстан мен БҰҰ ДБ Африка елдеріне көмек көрсету бойынша жаӊа бағдарлама қабылдады

29.09.2015, 19:28 3987

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 70-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен БҰҰДБ әкімшісі Хелен Кларктыӊ кездесуі өтті, онда тараптар жақында ғана бектілген Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) жүзеге асыру аясында 45 Африка мемлекетіне көмек көрсету бойынша жаӊа бағдарламаны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан мен Африка елдері арасында ТДМ бойынша серіктестік" бастамасы африкалық елдерге жаһандық талқылауға қатысуға және құрлықтыӊ өзгеде мемлекеттермен ақпарат алмасу деӊгейін жақсартуға септігін тигізеді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бірлесіп қаржыландыру туралы 2 млн доллардыӊ келісім шартына қол қоя отырып Е.Ыдырысов, Қазақстан Оӊтүстік-Оӊтүстік серіктестігіне үлкен мән береді және африкалық құрлықтыӊ дамуына өз үлесін қосуға тырысуда, деді.

Дәл сол күні Е.Ыдырысов бірқатар мемлекеттердіӊ сыртқы саясат ведомствосы басшыларымен екі жақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Намибияныӊ сыртқы саясат ведомствосыныӊ басшысы Нетумбой Нанди Ндайтвамен, Кипрдан - Иоанис Касулидиспен, Албаниядан - Димитр Бушатимен, Барбадостан - Максин МаКлинмен және Малавиден - Джордж Чапондамен кездесті. Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, жаһандық қауіпсіздік проблемалары туралы пікір алмасты.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны