07.09.2009, 15:39 3228

Қазақстан мен Эстония үкімет басшылары жүзбе-жүз кездесті

Қазақстан мен Эстония үкімет басшылары жүзбе-жүз кездесті

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Эстония премьер-министрі Андрус Ансиппен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл -сіздің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарыңыз. Бүгін қол жеткізілетін келісімдер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін барынша қолдануға көмектесетініне сенімдімін. Меніңше, біз көп салалар бойынша қарым-қатынасты кеңейте аламыз", деді К. Мәсімов кездесу барысында.

Өз кезегінде Эстония премьер-министрі екі ел арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті. Осы екі ел арасындағы байланыстарды кеңейту мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

ҚР СІМ мәліметіне қарағанда, 2008 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналымы 75,5 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 20,9 млн - экспорт, ал 54,6 млн доллары - импорт болған. Атап айтқанда, 2007 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 46,8 млн АҚШ долларын құраған, ал биылғы жылдың 5 айында тауар айналымы 23,8 млн АҚШ долларына жеткен.

Қазақстан экспортының құрылымында қара металлургия, химия өнеркәсібі, бейорганикалық химия, радиоактивті материалдар және астық өнімдері бар. Ал импортталатын өнімдердің ішінде азық-түлік өнеркәсібі, алкогольсіз сусындар, сірке суы, темекі, халықтың тұтыну тауарлары, электр машиналар, сондай-ақ басқа да құрылғылар тасымалданады. Бүгінде Қазақстанда Эстон капиталының қатысуымен бірлескен 8 кәсіпорын жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны