17.04.2008, 16:34 3375

Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған - ЕК өкілдігінің басшысы

Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған - ЕК өкілдігінің басшысы

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінде Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамуына мүмкіндік туғызатын екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған. Бұл туралы бүгін Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Адриаан Ван дер Меер Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде атап өтті,- деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А. Ван дер Меер Қазақстан басшылығына оның Қазақстандағы қызметіне қолдау және көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

ЕК өңірлік өкілдігінің басшысы республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін талқылау үшін ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Питер Мендельсонның биылғы жылғы маусымға жоспарланған ресми сапарынан құлағдар етті.

"Біз Қазақстанның аталған ұйымға кіруі жөніндегі келіссөздерді аяқтай аламыз деп үміттенемін",- деді А. Ван дер Меер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны