19.09.2012, 15:49 2882

Қазақстан мен Франция президенттері екіжақты қатынастардың келешегін талқылады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің француздық әріптесі Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізді.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Франция президенттері екіжақты қатынастардың келешегін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің француздық әріптесі Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізді.

"Қазақ-француз қатынастарын әрі қарай дамыту мақсатында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді"- делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекет басшыларының әңгімесі француз тарапының ұсынысымен өтті. Иңгіме барысында қазақ-француз қатынасының жағдайы мен келешегі, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны