14.07.2015, 19:30 3743

Қазақстан мен Германия энергия үнемдеу саласындағы стратегиялық серіктестік туралы құжатқа қол қойды

Бүгін қазақстандық-неміс форумы барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Dena Неміс энергетикалық агенттігі арасында энергия үнемдеу және энергия сыйымдылығын арттыру саласындағы стратегиялық серіктестік туралы меморандум жасалды

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін қазақстандық-неміс форумы барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Dena Неміс энергетикалық агенттігі арасында энергия үнемдеу және энергия сыйымдылығын арттыру саласындағы стратегиялық серіктестік туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл меморандум, еӊ алдымен, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін жақсарту саласында стратегиялық ынтымақтастық пен өзара тиімді екіжақты серіктестікті дамытуға бағытталған. Мұнымен қатар, меморандумда экономикалық даму, технологиялық модернизация, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік, "жасыл экономикаға" өту секілді мәселелер де қамтылған", - делінген KAZNEX INVEST агенттігі таратқан хабарламада, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Астанада "Энергия тиімділігі және желілер инфрақұрылымы" бірінші қазақстандық-неміс форумы өтуде.

Форум аясында Қазақстандағы энергия тиімділігі саласындағы бірлескен жұмыстарды және индустриаландыруды дамыту және желілердіӊ жаӊғырту стратегиясын одан әрі жоспарлау мәселелері талқыланып жатыр.

Бұдан өзге, "өнеркәсіптегі энергия тиімділігі", "желілік инфрақұрылым" пленарлық отырыстарын, панельдік сессияларын және талқылаулар жүргізу күтілуде. Сондай-ақ, Қазақстандағы бизнесті дамытуды жоспарлаған неміс кәсіпорындары B2B-энергия тиімділігі және жаӊартылмалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделі серіктестерді іздеу мақсатында жеке келіссөздер және танысулар жүргізеді.

Іс-шараны Германия Экономика және энергетика министрлігі мен Германияныӊ Энергетикалық агенттігі (Dena) қолдауымен Орталық Азиядағы германдық экономика Өкілдігі өткізуде.

Форумға неміс және қазақстандық тараптан ресми өкілдер шақыртылды, Германия мен Қазақстаннан шамамен 300 қатысушы болады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны