16.10.2012, 09:49 3022

Қазақстан мен Грекия арасында саяхатшыларға виза беруді жеңілдету мәселесі талқыланбақ

"15-16 қазан аралығында 2017 жылы "Болашақ энергиясы" тақырыбымен арнайы мамандандырылған халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізу жөніндегі қазақстандық өтінімнің тұсаукесерін өткізу мақсатында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Афиныға жұмыс сапары орын алуда", деді ол.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Грекия арасында саяхатшыларға виза беруді жеңілдету мәселесі талқыланбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "15-16 қазан аралығында 2017 жылы "Болашақ энергиясы" тақырыбымен арнайы мамандандырылған халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізу жөніндегі қазақстандық өтінімнің тұсаукесерін өткізу мақсатында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Афиныға жұмыс сапары орын алуда", деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Костас Циароспен жоспарланған кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Грекия Президенті Карлос Папульясқа арнаған жолдау хатын табыс етеді.

"Грекияға сапар барысында ҚР Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою және қазақстандық саяхаттаушыларға виза берудің жеңілдетілген рәсімін қолдану мәселелері бойынша Грекияның Туризм министрі Ольга Кефалояннимен келіссөздер өткізу жоспарланған", деді А.Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны