27.09.2016, 12:16 3652

Қазақстан мен Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияныӊ хаттамасына қол қойды

Астанада экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясыныӊ 3-ші отырысыныӊ хаттамасына қол қою рәсімі өтті.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясыныӊ 3-ші отырысыныӊ хаттамасына қол қою рәсімі өтті.

Үлкен жұмыс атқарылды, нақты құжатқа қол қойылды және ол келесі жылға басым бағыттар бойынша жұмыс жоспарын анықтайтын болады. Ауыл шаруашылығы, фармацевтика, энергетика, туризм және көлік саласындағы ынтымақтастықтыӊ перспективаларына үлкен назар аударылған. Біздіӊ ойымызша, елдеріміздіӊ арасындағы ынтымақтастықтыӊ мүмкіндігі орасан зор", - деді Қазақстан Республикасыныӊ сыртқы істер министрініӊ орынбасары Роман Василенко.

Оныӊ айтуынша, аталмыш кезеӊде екі ел арасындағы тауар айналым Қазақстанныӊ Грекияға, Грекиядан Қазақстанға жасаған экспортыныӊ 99 пайызынан құралған, өкінішке орай, аз тауар жіберіледі.

"Біз экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тырысудамыз, біз түрлі ынтымақтастық саласына "есік ашуға" жұмыс жасаудамыз. Екіжақты келісім арқылы біз өзіміздіӊ сауда-экономикалық қарым-қатынастарымызды дамытуға мүмкіндік аламыз", - деді Грекия Республикасыныӊ сыртқы істер министрініӊ орынбасары Димитриос Мардас.

Сонымен қатар, Р. Василенконыӊ айтуынша, бүгін екі ел арасындағы ынтымақтастықтыӊ келешегі айтылды.

"Грекия Қазақстанға Балқан мен Жерорта аймақтарындағы негізгі әріптес болып табылады, ал Қазақстан Грекияға Орта Азиядағы негізгі әріптес", - деді Р. Василенко.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны