15.12.2009, 16:43 2901

Қазақстан мен Иран арасында экономиканың түрлі секторларындағы қарым - қатынасты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Иран арасында экономиканың түрлі секторларындағы қарым - қатынасты дамыту мәселелері талқыланды

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Иран Ислам Республикасының сауда министрі Мехди Газанфаримен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан және Иран президенттері қол жеткізген келісімдерді іске асыру және сауда - экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.

М.Газанфари бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан қазақстан - иран бизнес - форумының жұмысы жөнінде хабарлады.

"Менімен бірге ирандық жеке компаниялардың 150 өкілі еріп келді. Олардың арасында - импорттаушылар мен экспорттаушылар, инвесторлар бар. Оларда Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін өте жақсы жобалар бар", - деді ол.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Иран арасында экономиканың түрлі секторларындағы қарым - қатынасты дамыту қажеттігіне тоқталды.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен М. Газанфари екі елдің президенттері қол жеткізген нақты келісімдер іске асып, қазақ - иран қарым - қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны