04.10.2012, 12:24 3601

Қазақстан мен Иран қылмыскерлерді өзара ұстап беру туралы келісім шартты ратификациялады

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Қазақстан мен Иран арасындағы аталған шартқа 2012 жылдың 29 сәуірінде Тегеранда қол қойылған. Шарт қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастық тиімділігін арттыруға және қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазаны өтеуден жалтаратын адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша екі елдің құзыретті органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған. "Бұл ретте тараптар қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және ұстап беруге әкелетін қылмыстар үкімін орындау үшін өз аумақтарындағы іздеуде жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді. Бұл ретте ұстап беруге қатысты жазалау санкциясы қылмыскер үшін 1 жылдан кем болмайтын, ал егер ол тұлға сотталған болса оған тағайындалған жаза 6 айдан кем болмайтын мерзім болуы шарт", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Оның айтуынша, дәл осындай тұлғаларды ұстап беру туралы шартты Қазақстан 7 мемлекетпен жасасқан. Олардың қатарында Қытай, Түркия, БАИ, Корея, Моңғолия, Қырғызстан мен Үндістан бар. Олардың 6-уы қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны