08.11.2006, 09:46 2491

Қазақстан мен Иран құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 8 қараша . Kazakhstan Today. Кеше Астанада өткен кездесуде Қазақстан ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев пен Иран елшісі Рамин Мехманпараст Нодехи "екі елдің құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығы жөнінде және оны келешекте дамытып, жетілдіру мәселелерін" талқылады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тараптар халықаралық ланкестікке және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көші-қон, есіртікі саудасына, нашақорлыққа қарсы мемлекетаралық ықпалдастық шараларын қарастырды.

Хабарламада көрсетілгендей "кездесу қорытындысы бойынша, тараптар екі елдің полиция қызметкерлерін оқытып, кәсіби шеберліктерін арттыру саласындағы және жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін делегациямен, мамандармен алмасудағы екі жақты қарым-қатынасты дамытуға дайын екендерін білдірді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны