11.04.2016, 21:14 4467

Қазақстан мен Иран президенттерініӊ кездесу қорытындысына арналған бірлескен брифинг

Брифинг барысында келіссөздерде сауда қатынастарын дамыту үшін бизнесмендерге виза беру үдерісін жеӊілдету мәселелері талқыланғаны атап өтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, ғылым, технология және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтыӊ аясын кеӊейту жайы айтылды

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Брифинг барысында келіссөздерде сауда қатынастарын дамыту үшін бизнесмендерге виза беру үдерісін жеӊілдету мәселелері талқыланғаны атап өтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, ғылым, технология және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтыӊ аясын кеӊейту жайы айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар көлік-логистика, сондай-ақ экологияны қорғау, Каспийде кеме қатынасы мен туризмді дамыту салаларындағы және Каспий теӊізініӊ құқықтық мәртебесі жөніндегі құжаттарға қол қою барысындағы өзара іс-қимылды нығайтудыӊ маӊыздылығын атап өтті. Мемлекеттер басшылары экстремизммен және терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Йемендегі қақтығысты саяси шешімдер негізінде тоқтату қажеттігін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханиді және бүкіл Иран халқын ядролық мәселені шешудегі қол жеткен табыстарымен, елдіӊ алдынан зор мүмкіндіктер ашатын санкциялардыӊ алынуымен құттықтады.

Елбасы қалыптасқан жағдайға қарамастан біздіӊ елдіӊ Иранмен жоғары деӊгейдегі қарым-қатынаста болғанын айтты.

Мемлекет басшысы осы сапар аясында металлургия, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, ғылым және білім, медицина салаларында жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 66 екіжақты құжатқа қол қойылғанына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханидіӊ тікелей атсалысуымен Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол құрылысыныӊ жобасы жүзеге асырылғанын айтты.

- Алғашқы контейнерлік пойыз шығыс Қытайдан Иранға 12 күнде келді. Теӊіз арқылы тасымал екі есе уақыт алар еді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдыӊ маӊыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы елдеріміздіӊ арасын қазіргі уақытта үш бірдей көлік бағыты - теміржол, автомобиль жолы және Каспий теӊізі жалғап жатқанын, мұныӊ қарым-қатынасты бұдан ары дамытуға оӊ ықпалын тигізетінін атап өтті.

Соӊында Қазақстан Президенті кездесуді жоғары деӊгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, Х.Руханиді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Иран Президенті Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері достас ел болып келе жатқанына тоқталды.

- Қазақстан әрдайым бізге жақын болды, Иранныӊ "алтылықпен" ядролық келіссөздерініӊ екі раундын өткізуге көмектесті. Енді Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспары аясында қол ұшын созуда, - деді Х.Рухани.

Иран Президенті екі ел арасында еркін сауда айналымына мүмкіндік ашатын жаӊа құжаттарды ратификациялаудыӊ және Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында басымдығы бар тарифтер қалыптастырудыӊ маӊыздылығын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны