04.10.2012, 10:35 3301

Қазақстан мен Испания арасындағы өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны қабылдады

Екі ел арасындағы Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияға 2011 жылғы 17 маусымда Астанада қол қойылған.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Испан Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі ел арасындағы Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияға 2011 жылғы 17 маусымда Астанада қол қойылған. Бұл ретте Конвенция қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға, атап айтқанда Испания Корольдігімен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріндегі қатынастарды реттеу жолымен арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, құжат қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін орындауды, құжаттарды жасауды, жөнелтуді және тапсыруды, заттай дәлелдемелерді беруді, қылмыстық жолмен алынған заттарды алып қоюды қамтиды.

Бұл ретте Қазақстанның Бас прокуратурасы осы Конвенцияны іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны