21.04.2014, 21:17 3374

Қазақстан мен Италияның аймақтары өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Италия өңірлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов итальяндық Кампания өңіріне сапармен барды.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан мен Италия өңірлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов итальяндық Кампания өңіріне сапармен барды.

Өңірдің Вице-президенті Гуидо Тромбеттимен, Наполидің Мэрі Луиджи Де Маджистриспен, Префекті Франческо Антонио Мусолиномен кездесулері өтті, деп Сыртқы істер министрлігінен хабарлады. Иңгіме барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы заманауи жетістіктерін, Президент Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Жолдауы контестінде ұлттық және сыртқысаяси бастамаларын хабарлады.

Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізудің дайындық кезеңіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Елшісі Кампания кәсіпкерлер қоғамын жоспарланған маңызды халықаралық шараға белсенді қатысуға шақырды.Келіссөздер барысында Астанадағы "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесін көпшілікке тарату мақсатымен жер шарын кезіп жүрген қазақстандық атақты сапаршегуші Сапар Искаковтың Наполиге сапарының ұйымдастыру шаралары талқыланды.

Елшілік делегациясының сапар бағдарламасының негізі Наполидегі конференция барысында әлімдік сарапшылар орталарының ұсыныстарын ескеруімен, БҰҰ қолдауымен әзірленген Илімдік дағдарысқа қарсы жоспар жобасын талқылау болып табылды. Шамамен 50-ге жуық шақырылған қонақтардың қатысуымен өткен іс-шара Наполидің Сауда-өнеркәсіп палатасы және "Евроспортелло" инвестициялық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған.

Конференцияны ашу салтанатында Наполи СӨП Президенті Маурицио Маддалони серпінді дамып келе жатқан Қазақстан, дағдарыстың қиын жылдарында экономиканың өсу көрсеткішін 5-6 пайызда ұстап тұрғанын ескере отырып, басқа елдерге лайықты көрсеткіш бола алатынына назар аударды. Осыған орай, оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Илемдік дағдарысқа қарсы жоспардың бастамасын және ілгерлету бойынша жұмысын жүргізіп, бүкіл әлемнен білікті жағымды пікірлер жинап жатқаны кездейсоқтық емес екенін атап өтті.Атақты итальяндық және еуропалық экономист, "Ла Сапиенца" және "Тор-Вергата" университеттерінң профессоры, жетекші экономикалық басылымдардың шолушысы, соның ішінде "Медзоджорно" экономикалық жәрналы, Массимо Ло Чичеро сөз барысында G-GLOBAL алаңында талқыланып жатқан Илемдік дағдарысқа қарсы жоспарының Концепциясының жоғары маңыздылығын атап өтті.

Елші А.Елемесов Салерно қаласында бірқатар шараларға қатысты. Қала Перфекті Джерардо Мария Панталонемен кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан экономикасының даму перспективасын, ҚР-да шетел бизнесі үшін ашылып жатқан мүмкіндіктер туралы хабарлады.

Сапар барысында Салерно СӨП және халықаралық "Интертрэйд" компаниясының қолдауымен "Қазақстан: экономикалық дамудық жаңа көзі" атты өңірлік бизнес-форумы өтті. Іс-шараға қаланың негізгі салаларында жұмыс істейтін өнеркәсіптердің басшылары қатысты. Шара нәтижесінде Салерно кәсіпкерлері қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты дамыту және бірлескен өнеркәсіптер ашу мақсатында Қазақстанның өңірлеріне сапар шегуге қызығушалақтарын танытты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны