22.01.2014, 19:39 14122

Қазақстан мен Израиль қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2014 жылғы 20 қаңтарда Тель-Авивте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ресми сапары барысында Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында Иділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылғы 20 қаңтарда Тель-Авивте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ресми сапары барысында Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында Иділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Иділбек Жақсыбеков Моше Яалонға және Израиль халқына бұрынғы Премьер-министр Ариэль Шаронның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Иділбек Жақсыбеков:

- Қазақстан іс жүзінде тәуелсіздік алған уақыттан бері Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын жалғастырып келеді. Қазақстан қорғаныс ведомствосы израильдік тараппен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі, ол қазіргі уақытта айтарлықтай жандана түсті, - деді.

Өз кезегінде Израиль Қорғаныс министрі Моше Яалон:

- Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетіне алғашқы ресми сапары екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға оң ықпал етеді, - деп атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Израильдың әскери ынтымақтастығы бүгін Тель-Авивте қол қойылған әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімді іске асыру шеңберінде жаңа қарқынға ие болатынын атап өтті.

Иділбек Жақсыбеков осы Келісімге екі ел қорғаныс ведомстволарының жақсы перспективалық өзара іс-қимылына бағытталған тағы бір қадам болады деген үміт білдіретінін жеткізді.

- Қазақстанның өз Қарулы Күштерін жетілдіру ниетін ескере отырып бізге Израиль Армиясының жауынгерлік даярлық тәжірибесі қажет және маңызды, біз ведомстволарымыздың тең құқылы және өзара тиімді принциптерде ынтымақтастығын жүзеге асыра аламыз, - деп ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Арнаулы мақсаттағы күштер арасындағы байланысты жолға қою мақсатында ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы Израиль Қарулы Күштерінің өкілдерін 14-19 шілдеде Спасскіде өтетін "Алтын үкі" мергендер жұптарының халықаралық жарысына қатысуға шақырды.

Израильге ресми сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация бірқатар әлемдік әскери техника өндіруші компанияларда: қару-жарақ жүйелерін өндірумен, жаңғыртумен және әскерлерге интеграциялаумен айналысатын Israel Military Industries (IMI); қару-жарақтың әр түрін, ұшақсыз ұшатын аппараттар жүйелерін, авиониканы, радиолокацияны әзірлеу және жаңғырту жөніндегі, ғарыштық барлау жерсеріктерін әзірлеуге қатысатын "Elbit Systems", әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің зымырандары мен авиациялық технологияларын, тактикалық зымыран қаруын шығаратын "Rafael" компанияларында болды. Қазақстандық әскери делегацияға шығарылатын қару-жарақтың іс-жүзінде қолданылуы компаниялардың полигондарында көрсетілді.

Искери-техникалық салада әрі қарай өзара іс-қимылды жолға қою үшін қазақстандық қорғаныс ведомствосының басшысы Израильдің қорғаныс компанияларын мамыр айында Астанада өтетін халықаралық "КАДЕКС-2014" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.

- Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығы өз дамуының жаңа кезеңіне шықты. Израильдің Президентімен және әскери басшылығымен кездесу, сондай-ақ қол қойылған үкіметаралық келісім екі ел әскери ведомстволарының жемісті өзара іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп Иділбек Жақсыбеков Израиль Мемлекетіне ресми сапарын қорытындылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны