10.07.2014, 19:41 3046

Қазақстан мен ҚХР кеденшілері өзара сауда статдеректері арасындағы айырмашылық себебін анықтады

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасы кеден қызметтері өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасы кеден қызметтері өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінен хабарлағандай, Осы шараны өткізудің мақсаты екі мемлекеттің өзара саудаласудағы деректерді салыстыру және энергоресурстарға бақылау саласында өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылау болып табылды.

Екі жақта кездесу барысында Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы 2013 жылғы өзара саудаласудағы статистикалық деректердің айырмашылық болуының негізгі себептері анықталды. Сондай-ақ, тараптар энергоресурстарды өткізуді бақылау саласында ақпаратпен алмасудың техникалық шарттары ережесін екіжақты осы жылдың соңына дейін қол қоюға келісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны