27.03.2007, 13:58 3226

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 50 кг марихуана тығылған жасырын жер табылды

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 50 кг марихуана тығылған жасырын жер табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Жауғаш батыр" шекара күзетінің жедел тобы Қазақстан мен Қырғызстан шекара сызығына жақын жерден есірткі тығылған жасырын жер тапқан. "Жасырын жердегі зат төрт полиэтиленді қапқа бөлініп, оралған. Марихуананың жалпы салмағы 50 килограмнан астам",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны