08.10.2009, 09:53 1610

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары екі энергожүйенің қосарланған тәртіпте жұмыс істеуі жайлы талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары екі энергожүйенің қосарланған тәртіпте жұмыс істеуі жайлы талқылады

Бішкек. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары екі энергожүйенің қосарланған тәртіпте жұмыс істеуі жайлы талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер қортындысы бойынша ақпарат құралдарына арналған брифинг барысында К. Мәсімов: "екі премьер - министрдің арасында қалыптасқан формат - біз екі жақты ынтымақтастық аясымен қатар, көпжақты формат шеңберінде пайдаланып отырған жұмыс бабындағы кездесулер біздің елдеріміздің игілігі үшін екі елдің президенттерінің тапсырмаларын орындауда белсенді жұмыс атқаруға мүмкіндік береді",- деді.

Өз кезегінде қазақстандықтарға алғысын білдірген Игорь Чудинов "екі энергожүйенің қосарланған тәртіпте жұмыс істеуі - Қырғызстан үшін күзгі - қысқы маусымнан қысылмай шығуда өте маңызды мәселе" екенін атап өтті. "Біз Қазақстан үкіметімен өзара түсіністікке қол жеткіздік",- деді ол.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында Ыстықкөл жағалауындағы төрт қазақстандық нысанды меншіктеуді заңдық рәсімдеудің мәселелері шешілді.

"Біздің ойымызша жағалаудағы төрт нысанның меншіктілігін растау жөніндегі ратификацияланған келісімді орындау мәселесі негізсіз созылып келді",- деп жауап берді И.Чудинов.

К.Мәсімов пен И.Чудинов екі елдің тиісті министрліктеріне қажетті құжаттарды дайындау туралы тапсырмалар берді.

Тараптар екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін жұмысты жалғастыруға әзір екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, Бішкекте кеше Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімовтің Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевпен келіссөздері өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны