16.06.2009, 17:47 2724

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары жеке кездесуде екі елдің өзара ынтымақтастығының келешегі жайлы талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары жеке кездесуде екі елдің өзара ынтымақтастығының келешегі жайлы талқылады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары жеке кездесуде екі елдің өзара ынтымақтастығының келешегі жайлы талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан үкімет басшысы Игорь Чудинов шағын құрамдағы кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

"Бұл ретте біз қазақ-қырғыз қарым-қатынасы тату көршілік және одақ байланыстары рухында қарқынды әрі тұрақты дамып отыр деген ортақ тоқтамға келдік. Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер аясындағы дәстүрлі өзара қолдау өзгеріссіз қала береді", деп атап көрсетті К. Мәсімов.

"Үкіметаралық комиссияның мәртебесін үкіметаралық кеңеске дейін көтеріп, осы арқылы екіжақты ынтымақтастықтың барлық өзекті мәселелерін жедел шешуде тараптардың жауапкершілігін жоғарылатып қана қоймай, екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығып отырмыз", деді Қырғызстан премьер-министрі өз кезегінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны