07.10.2009, 14:21 1889

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшыларының кездесуі өтуде

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшыларының кездесуі өтуде

Бішкек. 7 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін таңертең Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Бішкек қаласына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ала - Арча" мемлекеттік резиденциясында Кәрім Мәсімовтің Қырғыз Республикасының премьер - министрі Игорь Чудиновпен кездесуі өтіп жатыр.

Кездесуде тараптар екі жақты сауда - экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, атап айтқанда, энергетика, электр энергиясын жеткізу, сондай - ақ, су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелерін талқылауда.

Түстен кейін Кәрім Мәсімовтің Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевпен кездесуі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны