18.09.2008, 19:16 2694

Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушыдан 6 килограммға жуық героин тәркіленді

Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушыдан 6 килограммға жуық героин тәркіленді

Бішкек. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушы - 47 жастағы Бішкек тұрғынынан 6 килограммға жуық героин тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушы Мерке темір жол бекетінде ұсталды. "Екі елдің есірткіге қарсы күресуші мекемелерінің аңдуында болған есірткі тасушы айғақзатымен қоса ұсталды".

Сараптама нәтижесі тәркіленген полиэтилен орамаларда 5 килограмм 545 грамм героин екенін көрсетті.

Қазақстандағы қара базар бағасымен бұл партия $100 мың тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны