31.01.2011, 13:39 6798

Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері біріккен инвестициялық қор құру жөніндегі мәселелерді талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Президент Н.И. Назарбаевпен өткен кездесу өте тиімді болды. Біз әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді, атап айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициялық қор секілді екіжақты бизнес-жобаларды жүзеге асыру жайын талқыладық", - деп атап өтті Р.Отынбаева.

Сондай-ақ, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, Қырғызстан тарапы Президенттің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан бастамасы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны