10.08.2011, 18:30 3731

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында қырғызстаннан келген қылмыскер ұсталды

"Қырғызстан Республикасы құқық қорғау органдары қыз зорлағаны үшін өткен жылдың наурызынан іздеп жатқан 1963 жылы туған Қырғызстан азаматы Боранбаев Асықпай Сабырұлын Қырғызстан тарапынан "Қордай" бақылау-өткізу қосынында қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтпек болған жерінен жамбыл полицейлері қолға түсірді", - деді Н. Ораз.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында қырғызстаннан келген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қыз зорлағаны үшін іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын қазақстандық полицейлер ұстады. Бұл туралы бүгін брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

"Қырғызстан Республикасы құқық қорғау органдары қыз зорлағаны үшін өткен жылдың наурызынан іздеп жатқан 1963 жылы туған Қырғызстан азаматы Боранбаев Асықпай Сабырұлын Қырғызстан тарапынан "Қордай" бақылау-өткізу қосынында қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтпек болған жерінен жамбыл полицейлері қолға түсірді", - деді Н. Ораз.

Сонымен бірге ол қазіргі таңда ұсталған азамат Жамбыл облысы Қордай АІІБ уақытша ұстау изоляторында екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны