11.09.2007, 18:05 3327

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік саяси сенімнің жоғары деңгейімен сипатталады

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік саяси сенімнің жоғары деңгейімен сипатталады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11-қыркүйек. Астана. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік саяси сенімнің жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл туралы бүгін ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде бүгін ҚХР Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының тұрақты комитетінің төраға орынбасары Хе Лули ханым атап көрсетті, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік көптеген маңызды халықаралық мәселелерде көзқарастары үйлесетін тараптар ретінде саяси сенімнің жоғары деңгейімен сипатталады",- деді Хе Лули ханым.

Қытай парламентшілері делегациясының басшысы Қазақстан мен Қытайдың өзара қарым-қатынастарының даму деңгейін жоғары бағалады.

Парламентаралық өзара іс-әрекет маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық сипаты өз кезегінде өңірдегі қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осыған байланысты Хэ Лули ханым Қытай жағы екі мемлекет басшыларының уағдаластықтары аясындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа межелеріне қол жеткізу үшін екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларында ынтымақтастыққа серпін беруге ниеттеніп отырғанын хабарлады.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қытай парламентшілерінің осы сапары парламентаралық ынтымақтастық аясында ғана емес, мемлекетаралық қарым-қатынастар саласындағы да маңызды оқиға екенін атап өтті. Сенат төрағасының айтуынша, екі елдің өкілді органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды бөлігі болып қала береді. Ол осы тұрғыда таяуда екі елдің стратегиялық қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтерген ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары қорытындыларын Қазақстан жағы жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қ.Тоқаев сондай-ақ Қытай жағын елдегі конституциялық реформалардың жүзеге асуы барысы мен мәжіліс сайлауының қорытындыларын таныстырды және Қазақстан парламенті елімізде жүзеге асырылған саяси жаңғыруларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге күш-жігерін аямайтынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны