22.08.2006, 11:34 2995

Қазақстан мен Қытай бірлесіп антитеррорлық жаттығулар өткізеді

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің 2006-жылғы 29-мамырдағы шешіміне сәйкес тамыздың 24 мен 26 аралығында ұйымға мүше елдердің арнаулы қызметтері мен құқық қорғау мекемелерінің бірлескен антитеррорлық жаттығуларын "Тянь-Шань №1-2006" деген шартты атаумен өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жаттығуларды ҰҚК-нің антитеррорлық орталығы ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдарын тарта отырып өткізеді.

ҰҚК-нің ақпаратына сәйкес, лаңкестерді іздестіру, қоршауға алу және оларды қарусыздандыру жөніндегі тәжірибелік шаралар мен кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған жауынгерлік-оқыту операциясы 24-тамызда Қазақстан аумағында Жаркентте, ал 26-тамызда Қытай аумағында Инин қаласының маңында өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны